Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br> Панфилов ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Панфилов ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 

Бөлім басшысыҚастеев Тұрархан Бахышұлы

Қастеев Тұрархан Бақышұлы 1977 жылы 5 ақпанда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Сарыбел ауылында дүниеге келген.

Панфилов ауданы, Сарыбел ауылындағы Көбіков атында орта мектепті бітіргеннен кейін 1994 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық университетіне оқуға түсіп, 1998 жылы аталған университетті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша аяқтады.

1998-1999 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық университетінің оқытушысы, 1999-2001 жылдары Панфилов аудандық білім бөлімінің бас маманы, 2001-2006 жылдары аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары,  одан кейін аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы қызметінде болды. 2006-2007 жылдары аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бастығы, 2007-2010 жылдары Панфилов ауданы, Сарыбел ауылындағы Сатай батыр атындағы орта мектептің директоры, 2010-2014 жылдары Кербұлақ ауданының білім бөлімінің басшысы қызметтерінде болды.

2014 жылдың 21 тамызынан Панфилов ауданының білім бөлімінің басшысы  қызметіне тағайындалды.

Үйленген, үш баласы бар.

 

Copyright © 2017, Алматы облысы Панфилов  ауданының білім бөлімі

 

КІРУ